Жаңа HAVAL H5 көлігінің түстері

Металлик әсері бар шанақтың стильді түстері HAVAL H5 көлігінің жарқын дизайнын айшықтап тұрады.

СТИЛЬДІҢ ІСКЕ ЖАРАЙТЫН ТҰСЫ

СТИЛЬДІҢ ІСКЕ ЖАРАЙТЫН ТҰСЫ

HAVAL H5 өзінің стилімен және ойластырылуымен әсер қалдырады. Үлкен, толықтай жарықдиодты фаралар мен хромдалған элементтерсіз радиатор торы автокөлікке қосымша сұсты келбет беріп тұр, соған қарамастан айшықты атқарымды сипатын сақтап қалған.

СІЗДІҢ СЕНІМДІ КӨМЕКШІҢІЗ

СІЗДІҢ СЕНІМДІ КӨМЕКШІҢІЗ

Жеңіл отбасылық саяхаттардан бастап күнделікті ауыр жұмыстық сапарларға дейін алдыңызда қандай мақсаттар тұрса да, жоғары жылдамдықты тас жолдар мен күрделі жолсыз жерлерде бұл жол талғамайтын көлік жайлылық сыйлайды және қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

ТІРКЕМЕЛЕР ТАСЫМАЛДАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН

ТІРКЕМЕЛЕР ТАСЫМАЛДАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН

Базалық жабдықталуында көбірек атқарымдылық үшін артқы бампердің астында розеткасымен бірге тарту-тіркеу құрылғысын (фаркопты) орнатуға арналған әзірлеме қарастырылған.

HAVAL H5-ТІҢ САЛОНЫНА ҮҢІЛІҢІЗ

Интерьер

ЭРГОНОМИКАСЫ КЕРЕМЕТ

ЭРГОНОМИКАСЫ КЕРЕМЕТ

Көлік иесіне көңіл бөлу жаңа HAVAL H5-те жүргізуші орнының эргономикасынан, 12.3” экраны бар мультимедиа жүйесінің ойластырылуы мен қолайлығынан және алдыңғы панельдегі физикалық түймелерден басталады.

БИІК ДЕҢГЕЙЛІ ЖАЙЛЫЛЫҚ

БИІК ДЕҢГЕЙЛІ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Жаңа HAVAL H5-тің кең салонының арқасында саяхатқа шыққанда тіпті екінші қатар орындықтарында отырсаңыз да, сіздің жайлылығыңыз үнемі бірінші орында тұрады: мініп-түсу қолайлылығына арналған кең артқы есіктер, аяқтарға арналған ұлғайтылған кеңістік, орындық арқалықтарының реттелетін көлбеу бұрышы, USB-порт, орындықтар жылытқышы.

ПАНОРАМАЛЫҚ ТӨБЕ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЖЕТЕКТІ ЛЮК

ПАНОРАМАЛЫҚ ТӨБЕ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЖЕТЕКТІ ЛЮК

Ыңғайлылық пен жайлылық тамаша үйлеседі. Жаңа HAVAL H5-тің панорамалық төбесінің астында айналадағы қоршаған табиғаттың сұлулығынан, отбасылық саяхаттар кезіндегі ұмытылмас әсерлерден ләззат алуы үшін жақындарыңызға арнап аспан көріністері бар ең жақсы орындар әзірленген.

ДӨҢГЕЛЕКТІ ҮЙ

ДӨҢГЕЛЕКТІ ҮЙ

Жаңа HAVAL H5 — бұл нағыз дөңгелекті үйдің өзі. Ол жолға шыққанда жайлылық пен қолайлылықты бағалайтындарға мінсіз сай келеді. Үлкен жүксалғыш алып жүргіңіз келетіннің және ойлағаныңыздың бәрін сыйдырады. Ал артқы орындықтарды қайырып жинасаңыз, тегіс еденнің арқасында өзіңізге жайлы жатын орын жасап алуыңызға болады.

ЭЛЕКТРОНДЫ БЕРІЛІСТЕР СЕЛЕКТОРЫ (AVIATOR CONTROLLER ДЖОЙСТИГІ)

ЭЛЕКТРОНДЫ БЕРІЛІСТЕР СЕЛЕКТОРЫ (AVIATOR CONTROLLER ДЖОЙСТИГІ)

Өзіңізді сенімді әрі технологиялы автокөлігіңіздің пилоты сезініңіз. Берілістерді жеңіл және қауіпсіз ауыстырып қосып, жайлы жүргізу тәжірибесінен ләззат алыңыз.

Технологиялар

Жүргізуші орындығын 6 бағытта электржетекпен реттеу мүмкіндігі

Жүргізуші орындығын 6 бағытта электржетекпен реттеу мүмкіндігі

Электржетекті жүксалғыш есігі

Электржетекті жүксалғыш есігі

Автоматты түрде күңгірттенетін артқы көрініс айнасы

Автоматты түрде күңгірттенетін артқы көрініс айнасы

Айналаны 360° шолу камералары жүйесі

Айналаны 360° шолу камералары жүйесі

Көбірек білу